Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді » КГУ "Белокаменская основная школа"
Коммунальное государственное учреждение "Белокаменская основная школа отдела образования Глубоковского района Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72331) 53-2-37
Бухгалтерия:
+7 (72331) 50-1-23
Версия
для слабовидящих
» » Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді
01
апрель
2026

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 

Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру мерзімі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
"Биылдан бастап бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімдері қайта қарастырылды. Бұл өзгеріс құжат тапсыру процесін сапалы әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізілген. Бұған дейін құжаттар 1 сәуірден қабылданатын, бірақ дәл сол уақытта мектептерде сабақ процесі жүріп жататыны белгілі. Сол себепті кейде мектеп басшылығы, мұғалімдер және ақпараттық технологиялар саласының мамандары оқу процесімен қатар құжат қабылдау жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болып, процесс тиімді болмай жататын. Осыған байланысты биыл бірінші сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді: құжат қабылдау 27 мамыр сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі."Жұлдыз Сүлейменова
Министрліктің мәліметінше, жаңа мерзімдер ата-аналар мен болашақ бірінші сынып оқушылары үшін анағұрлым қолайлы болмақ.