Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады » КГУ "Белокаменская основная школа"
Коммунальное государственное учреждение "Белокаменская основная школа отдела образования Глубоковского района Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72331) 53-2-37
Бухгалтерия:
+7 (72331) 50-1-23
Версия
для слабовидящих
» Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады
19
март
2021

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады


   Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

   Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.

   Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

  Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.


Әкімшілік

Похожие публикации: