01
апрель
2026
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталып 31 тамызға дейін жалғасады.
Қызметті онлайн алу
- Порталда Egov.kz авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
- Міндетті қоса берілетін құжаттар:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы медициналық анықтама
- №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у «Профилактикалық екпелер картасы» нысанындағы және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
- Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қабылданған шешім туралы хабарлама:
1. Электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Қызметті алушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама жіберіледі.
Сол білім беру ұйымында мектепалды даярлықтан өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлер бойынша өтініштерді кезең-кезеңімен қабылдау тетігі енгізілуде.